Сегіз айдың ішінде “102” арнасына 90 мыңға жуық хабарлама келіп түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері 8 ай ішінде “102” арнасы арқылы 89 947 хабарлама қабылдады, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері “102” жедел арнасына қылмыстық құқық бұзушылық туралы 89 900-ден астам телефон хабарламасы келіп түсті. Олардың 30 мыңнан астамы жедел әрекет етуді талап еткен. Олардың ішінде ұрлық бойынша 990 хабарлама, алаяқтық әрекеттері бойынша 758, отбасылық жанжалдар бойынша 1505, түнгі уақытта тыныштықты бұзудың 1283 фактісі және тағы басқа да құқық бұзушылықтар бойынша хабарлама келіп түскен. “

«102” арнасына телефон хабарламаларын қабылдаумен қатар жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы бейнебақылау камералары арқылы көшелердегі ахуалға мониторинг жүргізеді. 8 ай ішінде көшелерде, қиылыстарда және алаңдарда орнатылған камералардың көмегімен 10320 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың жартысынан көбі, 8207 дерек жол қозғалысы ережелерін бұзу. Сондай-ақ қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктерді ішудің 2 мыңнан астам фактісі анықталды.

– ЖБО операторлары “102” бағдарламасының функционалы — ҚР ІІМ ресми мобильді қосымшасы арқылы полицияға азаматтардың хабарламаларын қабылдауды жалғастыруда, оны App Store және Google Play дүкендерінде өз құрылғысына кез келген қолданушы тегін жүктей алады. Жыл басынан бері осы байланыс арнасы бойынша мәтіндік хабарламалар мен медиа файлдар түрінде 153 хабарлама келіп түсті. Ең бастысы – жол қозғалысы ережелерін бұзу. Келіп түскен хабарламалардың 117-сі бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Петропавл қаласы полиция басқармасының ЖБО бастығы Қайырбек Баймөнкенов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz