СҚО-да сомасы 90 млрд. теңгені құрайтын ірі жоба жүзеге асырылады. Тау-кен металлургия өндірісімен айналысатын кәсіпорын іске қосылса, 1 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі LS сайтына сілтеме жасап.
СҚО әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта жаңа комбинаттың жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Тың өндіріс ошағының жылдық қуаты – 4,5 мың тонна вольфрам концентраты. Жобаны іске асыру мақсатында инвестор 90 млрд. теңге жұмсайды.
Бүгіндері комбинаттың орны белгіленді. Сондай-ақ экологиялық скрининг қорытындысы алынды, қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Зауыт 2025 жылдың соңында ашылады деп жоспарлануда.