Ұлттық құрама сапында екі солтүстікқазақстандық спортшы ел намысын қорғайды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і күндері аралығында Оңтүстік Кореяда жасөспірімдер арасындағы IV қысқы  Олимпиада ойындары өтеді. Ұлттық құрама сапында 2 солтүстікқазақстандық спортшы ел намысын қорғамақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жасөспірімдер Олимпиадасына еліміздің спортшылары осымен төртінші мәрте қатыспақ. Биылғы байрақты бәсекеге 70 елден 1800-ге жуық атлет бақ сынайтын болады. Әзірге Қазақстанның еншісінде 5 спорт түрінен 30 жолдама бар.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, жасөспірімдер додасында ұлттық құрама намысын конькимен жүгіруден 2 спортшы қорғайды.

– Биылғы қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан Алина және Криситина Шумековалар қатысады. Апалы-сіңлілі спортшылар – ел біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы әлемдік додалардың қатысушылары болып табылады. Оларды Ольга Ихтендрис жаттығады, – дейді СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Марат Шынтеміров.

Алина мен Кристина Шумековалар конькимен жүгіру спортымен 12 жастан бастап айналысады. Бүгіндері спортшылар облыстық олимпиадалық резервтегі спортшыларға мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде оқиды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz