Өткен жылы 858 адамды ит қапқан

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгінгі таңда «TANBA» электрондық жүйесі есебіне 7030 үй жануар енгізілді. Олардың 4120-сы ит пен 2910-ы мысық, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, өткен жылы қаңбығас үй жануарларын идентификациялауға, екпе қоюға және зарарсыздандыруға 17,1 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде 300-не чип қойылып, 284-і қайта тіршілік ортасына, қалғаны арнайы тәлімбақтарға жіберілді.

– Үй жануарларына чип қою жұмыстары жалғасын табуда. Негізігі мақсаты – ит пен мысық иелерін жауапкершілікке үйрету. Идентификациялық нөмір беру арқылы жоғалған жануарларды тез табуға болады. Бүгінгі таңда қаңғыбас хайуанаттарға айрықша көңіл бөлінуде, — дейді СҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы Наталья Тараканова.

Мамандардың сөзінше, өткен жылы иттер 858 адамды қапқан. Оның 498-інің иесі бар, 360-сының иесі жоқ.

– Былтыр үй жануарларын қарамаған 724 ит пен мысық иесі жауапқа тартылды. Полицияның мәліметінше, оларға 19 млн. 199 мың 250 теңге көлемінде айыппұл салынды, — дейді Наталья Тараканова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz