«Ауыл аманаты» бағдарламасының шарапаты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданының 45 тұрғыны «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 398 млн. теңгеге несие алып, кәсіптерін дөңгелетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Прибрежное ауылының тұрғыны Станислав Волков 8 млн. теңге көлемінде несие алып, техникалық қызмет көрсету станциясына қажетті құрал-жабдықтарды сатып алды. Осылайша азамат кәсібін кеңейтіп, жақында қосымша жұмыс күшін тартуға ниетті.

– Алдын ала бизнес жоспар құрып, көлік жөндеумен айналысатын ғимаратты кеңейттім. Жұмысым алға басуда. Ең бастысы ерінбеу қажет, — дейді Станислав Волков.

whatsapp image 2024 01 08 at 16.36.39

Бұл ауылдың тағы бір тұрғыны – Әмір Баукенов қой өсіруді қолға алды. Кәсіпкер «Ауыл аманаты» бағдарламасы көмегіне жүгініп, 115 қой сатып алды.

– Қойларды өсіріп, тұрғындарға сатамын. Бір қойды 60 мың теңгеге сатып алдым. Шаруашылығымда қазір 250 қой бар. Желтоқсан айында 34 қой қоздады. Жем-азық жеткілікті, — дейді Әмір Баукенов.

Ал аудан орталығының тұрғыны Мадина Қабаева ауыл тұрғындарына лазерлік эпиляция бойынша қызмет көрсетеді. Бағдарлама бойынша қол жеткізген қаражатқа ол Германиядан арнайы «Holkon» аппаратын сатып алды.

– Қондырғының құны 3 млн. теңгені құрайды. Мен алты ай ішінде шығындарды өтеп, табыс табу үшін жұмыс істеуді жоспарлап отырмын. Қазір кабинетті жалға алып жүрмін. Кәсібім өрге басқан соң өзім бір шағын ғимарат сатып алуды көздеп отырмын, — дейді Мәдина Қабаева.

whatsapp image 2024 01 08 at 16.36.40 1

«Ауыл аманаты» жобасы ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған. «Солтүстік» ӘКК» АҚ бағдарламасының операторы 2023 жылы өңірге бөлінген 1,8 млрд. теңге мөлшеріндегі барлық сомаға 236 өтінімді мақұлдады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz