Бүлінген ағаштар қалпына келтірілуі керек

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО ПД табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптары мен су тоғандарында рейдтік іс-шаралар жүргізіп тұрады. Бірақ қалалық аумақ та назардан тыс қалған емес, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Құқық бұзушылыққа куә болған тұрғындардың айтуынша, қаладағы құрылыс нысандарының бірінде жұмысшылар құрылыс алаңына жақын өсіп тұрған ағаштардың тамырларын зақымдаған. Тексеру барысында құрылысшылардың ағаштардың бүлінуіне қатысы бар екені расталды. Алғашында бұл дерек әкімшілік заңнама шеңберінде қаралды, алайда сараптама нәтижесінде 1 086 750 теңге көлемінде шығын келтірілгені белгілі болды.

Шығын көлемі үлкен болғандықтан, материалдар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тараптар медиативтік келісім жасасты. Келтірілген залал толығымен өтелді.

– Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті табиғатты қорғау полициясы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабы бойынша 3 қылмыстық іс қозғады. Жалпы, 12 ай ішінде облыс аумағында табиғатты пайдалану саласында 38 қылмыс тіркелген. Соның ішінде 15 заңсыз аң аулау фактісі, соның нәтижесінде 1 бұғы, 20 сібір елігі атылды. Сондай-ақ аң аулау ережелеріне қатысты 183 дерек, балық аулау ережелеріне қатысты 43 дерек анықталды, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz