141
«Qyzyljar» футбол клубы тағы 4 ойыншымен қоштасты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Qyzyljar» ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен футбол маусымында ел біріншілігінде команда сапында ойнаған төрт аяқдопшының келсімшарты аяқталып, олар өзге ұжымға ауысуды жөн көрді. Осылайша Альдаир Адилов, Марат Шахметов, Лука Имнадзе мен Иван Граф клубтан кетті.
Естеріңізге салсақ, жерлестеріміз Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ол бір айға шақталған.