Бес жасөспірімнің ісі сотта қаралуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда бірқатар құқық бұзушылық жасаған 5 жасөспірімге қатысты сот процессі басталды. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша жауапқа тартылмақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өткен жылдың күзінде Петропавлда бір топ жасөспірім облыстық көпбейінді балалар ауруханасына баса-көктеп кіріп, науқас қыз бен дәрігерлерді соққыға жыққан. Оларды тапанша кезеніп, қорқытқан. Жасөспірімдерге қатысты «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Бірақ мұнымен тоқтамаған жастар бір айдан соң көшеде 51 жастағы ер адамды пышақтап кеткен. Сол кезде полицейлер 17 жасар жасөспірімнің әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтқан болатын. Енді олардың ісі сотта қаралуда.

– Бес жасөспірімге қатысты ҚР ҚК-нің 188 б. 2 б. 1 т., 3 б. 2 т., 293 б. 2 б. 2 т., 293 б. 2 б. 1,3 т., 293 б. 3 б., 380 б. 3 б., бойынша іс қозғалған. Бұл – «Ұрлық», «Бұзақылық» және «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері», – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Істі Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айдархан Жанақов жүргізуде. Процесс жабық жағдайда өтіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz