Қазақ тілінен емтихан тапсырады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биылдан бастап 5-8 және 10-сынып оқушылары қазақ тілінен емтиханнан өтуге міндетті. Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды 9 және 11-сынып оқушылары ғана тапсыратын, деп хабарлайды  Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Енді жыл сайын мамыр айында балалардың қазақ тілінен білімі тексеріледі. Емтихан жазбаша және ауызша өтеді. Тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады. 5-8, 10-сыныптардағы жылдық баға емтихан және жылдық бағалау нәтижелері бойынша қойылады.

– Әрбір мұғалім емтихан сұрақтарын өзі дайындап, мектептегі педагогикалық кеңесте материалдары қарастырылады, әкімшілікпен бекітіледі. Оқу жылында оқушылармен дайындық, ал ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі,  — дейді облыстық білім басқармасының бас маманы  Алмагүл Оспанова.

Сондай-ақ биылдан бастап мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі сыналады Яғни, Ұлттық тестілеу орталығы сынақтар өткізіп, сол бойынша сертификаттар береді. Тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған тестерді  магистратура мен докторантураға түсетін студенттер, мемлекеттік қызметтің «А» органының кадр резервіне енгізілген қызметкерлер (жоғарғы кадрлық құрам), «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлер, ҰҚК академиясына түсуге өтініш білдіргендер,  «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» мұғалімдері тапсырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz