Облыстық кардиологиялық орталыққа ангиограф орнатылды. Жаңа заманауи қондырғының мүмкіндіктерімен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ангиографтың көмегімен кардиохирургтар жүрек пен қан тамырларына жоғары технологиялық оталар жасай алады. «3D» бейненің арқасында инфаркт, инсульт және басқа да ауруларды емдеуге мүмкіндік туады.
Бүгіндері облыс бойынша екі ангиограф жұмыс істеп тұр. Олардың бірі бұған дейін қалалық көпсалалы ауруханада орнатылды. Жалпы 2024 жылы облыста медициналық қондырғыларды сатып алуға 5,1 млрд. тг бөлінді. Тиісті қаражатқа УЗИ, цифрлық рентген, өкпені жасанды желдету құрылғылары, флюорографтар және наркоз-тыныс алу аппараттары алынды.