Былапыт сөз айтқан студент психикалық диспансерде есепте тұр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты жоғары оқу орнында университет қызметкеріне былапыт сөз айтқан жас жігіттің психикалық диспансерде есепте тұрғанын анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты студентке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді тоқтатты.

Естеріңізге салсақ, 2023 жылы қарашаның 21-і күні сағат 14: 30-да М.Қозыбаев атындағы СҚУ ғимаратында студент қоғамдық орында жоғары оқу орнының қызметкеріне балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытты.

Істің мән-жайын анықтау барысында жас жігіттің бірінші курс студенті екендігі анықталды. Оның 2016 жылдан бастап психикалық орталықта есепте тұрғаны белгілі болды. Сот-психиатриялық сараптаманың нәтижесі негізінде жас жігіт өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қауіптілігін түсіне алмады және созылмалы психикалық аурудың салдарынан былапыт сөздерді айтты деген қорытындыға келді.

Студентті одан әрі оқуға жіберу мәселесі бойынша сот М.Қозыбаев атындағы СҚУ-ға және Петропавл полиция басқармасына жеке қаулы шығарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz