Демалыс күндерді қызықты өткіз

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Демалысты қызықты әрі пайдалы өткізгіңіз келсе, Qyzyljarnews.kz порталы ұсынған мына ақпаратқа назар аударыңыз.

Қаңтардың 13-і мен 14-і күндері:

— «Қарасай» стадионында коньки теуіп, бой жазсаңыз болады. Мұз айдынында уақытыңызды отбасыңызбен, достарыңызбен өткізе аласыз. Демалыс күндері ол сағат 12:00-ден 23:00 аралығында жұмыс істейді.

— Стенд-ап концерт. Жергілікті әзілқойлар өз монологтарын бұқараға ұсынып, түрлі тақырыптарға арналған әзілдерімен жүздеріңізде күлкі ұялатпақ. Өтетін орны «Baltis Rodsher» көңіл көтеру орны, мекенжайы – Қазақстан Конституциясы көшесі, 24А. Әзілдерге толы кеш қаңтардың 14-і сағат 20:00-де басталады. Билет құны – 1000 теңге.

— Жексенбі күні Ж.Жабаев көшесі, 156 мекенжайы бойынша орналасқан «Garage place» шығармашылық алаңында джаз жанрындағы кавер-әндер орындалады. «STREET Jazz» дуэті тыңдаушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, кеш көркін қыздыра түспек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz