Алматы қаласында О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпимпиада өтті. Білім бәйгесі осымен 20-шы рет ұйымдастырылып, жерлестеріміз екі жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Байрақты білім додасына солтүстікқазақстандық оқушылардан құралған команда қатысты. Өңір намысын қорғаған «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейі» КММ 11-ші сыныпта оқитын балалар екі жүлделі орынға ие болды. Математика пәнінен қатысқан Даниил Аксенов күміс медальді еншіледі. Ал физикадан Роман Остафейчук қола жүлдегер атанды.