Петропавлда «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда «Ақберен» байқауының облыстық кезеңі өтті. Оған жас ақындар, домбырашылар мен шешендік өнерге ден қойып жүрген мектеп оқушылары қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биылғы байқауда облыс мектептерінен 72 оқушы өз бағын сынады. Жас ақындар қазылар алқасына өлеңдерін ұсынса, домбыраның құлағында ойнаған өнерпаздар ұлттық күйлерді орындады.

– Байқау үш кезеңнен тұрды. Алдымен аудан және қала деңгейінде үздіктер анықталды. Облыстық кезеңде оза шапқандар республикалық сынға жолдама алады. Өнерлі балалар 6 бағыт бойынша қатысуда. Олар – шешендік өнер, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы және ақындар мүшәйрасы, — дейді «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы директорының міндетін атқарушы Қуаныш Белгібай.

Сайыстың ережесіне сәйкес, биылғы байқауға өткен жылдары жеңіске жеткен балалар қатыса алмайды. Осылайша, жаңа жас таланттарды анықтауға басымдық беріліп отыр.

 

whatsapp image 2023 09 27 at 15.27.10 1 e1695891993550 whatsapp image 2023 09 27 at 15.27.09

Байқау қорытындысы бойынша «Ақындар мүшәйрасы» аталымында Есіл ауданындағы Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің оқушысы Дана Қабдуова жеңіске жетті. «Шешендік өнерде» — Айыртау ауданы Бірлестік ауылының орта мектебінің тәрбиеленушісі Карима Кенжеболатова бірінші орынды иеленді. «Көркемсөз оқу» аталымында – Уәлиханов ауданы Елтай орта мектебінің оқушысы Аина Кеңес үздік деп танылды. «Эссе жазуда» — «Білім-инновация» лицей-интернатының тәрбиеленушісі Жансұлу Есләм жеңімпаз атанды. Ал ұлттық аспапта өнер көрсеткен Е.Серкебаев атындағы өнер колледжі-мектеп-интернатының оқушысы Дінмұхаммед Әділбек жеңіс тұғырына көтерілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz