Көктемде қар еріп, су тасқынына әкеліп соқтыруы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдың жеке секторында орналасқан үйлерді көктемде су басуы мүмкін. Оның бірден-бір себебі – жауған қар уақытылы шығарылмауы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, облыста қаңтар айының басынан бері түскен жауын-шашын көлемі әдеттегі мөлшерден 3 есе көп. Ақұлпаны тазарту жұмыстары Петропавлда сылбырт. Мұны қала тұрғындары да алға тартуда.

– Түнде коммнулдық қызметтер жұмыстарына кіріседі. Бірақ олар қарды жаяу жүргіншілер жолдарына үйіп тастайды. Салдарынан таңертең аяқ жүргісіз. Екі жолақты жол бір жолақты жолға айналады, — дейді «Береке» шағынауданының тұрғыны Сәбит Ахметов.

Биыл қала көшелерін қардан тазалауға 550 млн. теңге бөлінген екен. Алайда бөлінген қаражатты коммуналдық қызметтегілер іс жүзінде игере алмай жатқаны көрінеді. Бүгіндері міндетіне салғырт қараған мердігер компанияға қатысты 18 әкімшілік хаттама толтырылып, 400 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Десе де еш нәтиже жоқ.

Бірде жаңбыр, бірде қар жауып жер беті мұз болып қатып қалды. Биыл ылғал көп. Заречный, Ойқала, Жұмысшы кенті қауіпті аймақта тұр. Жиналған қар шығарылмаса, көктемде қала орталығын да су басуы мүмкін. Өйткені суағарларлар шыдамайды, — дейді «Қазгидромет» РМК СҚО филиалы директорының орынбасары Наталья Левина.  

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz