Қар құрсауынан 8 адам құтқарылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ақжар аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің қызметкерлері №8 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесе қар құрсауынан 8 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, оқиға жайлы хабар бүгін таңғы сағат 05:27-де «112» нөміріне келіп түсті. Белгілі болғандай, Бостандық ауылының маңында 8 жолаушысы бар «Лада Гранта» және «Лада Веста» көліктері қар құрсауында қалды. Төтенше жағдай орнына бірден құтқарушылар жіберілді.

– Өрт сөндіру бөлімінің «ТРЭКОЛ» техникасы көмегімен қар құрсауында қалғандар Бостандық ауылына жеткізілді. Барлығы да дін аман. Құтқарушылар ауа райы бұзылған уақытта жолға шықпауды сұрайды, — дейді СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобының қызметкерлері.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz