Қаңтардың 19-ы православ дініндегілер «крещение» мейрамын атап өтеді. Бұл күні халық су қоймаларында қазылған арнайы ойықтарда суға шомылады. Осы мақсатта биыл Петропавлда суға түсуге 2 орын жабдықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Православ дініндегілер үшін қасиетті мерекеде облыс орталығында шомылуға екі арнайы орын қарастырылған. Бірі өзен портындағы аймақта, екіншісі қалалық жағажайда орналасқан.
Құтқарушылар шомылған сәтте сақтық шараларын ұмытпауды еске салады. Петропавлдағы арнайы орындарда дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары кезекшілік етпек.
– Мас күйде шомылуға тыйым салынады. Суда 1 минуттан артық шомылуға болмайды. Ескертетін жайт, жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары бар адамдарға суық суға түсуге рұқсат етілмейді, — дейді қалалық ТЖБ-ның мамандары.