ТМД елдеріндегі санитариялық қорғауға қатысты заңды мақұлдады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сенаттың жалпы отырысында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Аталған келісімге 2021 жылғы 28 мамырда Минск қаласында қол қойылған. Құжатқа Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы 11 елдің 8-і қол қойған (Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан).

Заңның негізгі мақсаты – ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумақтарын санитариялық қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау. Бұл заң осы мемлекеттер азаматтарының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат халықтың денсаулығын қорғау үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің аумақтарында ықтимал қауіпті тауарлардың өткізілуі және инфекциялық аурулардың сырттан келуі мен таралуы мүмкіндігіне тосқауыл болады.

— Келісім аса қауіпті аурулардың, сондай-ақ төтенше жағдайларға байланысты инфекциялық аурулардың алдын алу жөніндегі келісілген іс-шараларды жүргізуді көздейді. Аурулардың толық тізбесі осы Келісімнің қосымшасында айқындалған. Бұған дейін, 2001 жылғы Келісімдегі тізбеге 18 ауру кірсе, осы Келісімде 24-ке көбейтіліп, халықаралық медициналық-санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес келтіріліп отыр. Келісімде ұлттық заңнамаға сәйкес бақылауға жататын тауарлардың тізбесі де қайта қаралып, Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесімен сәйкестендірілді, — деді сенатор Ақмарал Әлназарова.

Сонымен қатар, Келісімде тараптарды жедел хабардар ету, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуде практикалық, техникалық көмек көрсету жөніндегі міндеттемелері айқындалған. Төтенше жағдайлардың туындау мүмкіндігіне байланысты аса жұқпалы аурулардың анықталуы мен таралуы және санитариялық қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы ақпарат алмасу міндеті енгізілген. Осы мәселелер бойынша әр тараптың өзара іс–қимылын үйлестіру ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің Кеңесіне жүктеледі.

— Осы орайда, Келісімді ратификациялау аса қауіпті аурулардан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді және еліміздің халық денсаулығына оң септігін тигізеді. Жалпы, Заңды қабылдау теріс және өзге де жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, — деді депутат.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz