Ыстық шай мен тәтті бауырсақ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Жастар Рухы» жастар қанатының өңірлік филиалы қалалық жастар ресурстық орталығының белсенділерімен бірлесіп, «Кел, шәй ішейік!» акциясын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Акция аясында белсенді жастар таңертеңнен шағын автобуспен қала ішін аралап, Петропавл көшелерін қардан тазартатын коммуналдық қызмет мамандарына тіскебасар ұсынып, шәйға шақырды. Одан бөлек жұмыс тоқтап қалмас үшін қолдарына күрек алып, жол жиектеріндегі қарды тазалап,  жаяу жүргіншілер жолын  мұздан тазартуға көмектесті. Жастар әрбір қала тұрғыны осы жандардың еңбегін бағалауы тиіс деп санайды.

 — Осындай іс-шараларды өткізе отырып, біз жастарды ерікті болуға, әрдайым көмек қолын созуға, шетте қалмауға және адамдарға түрлі қолдау көрсетуге шақырамыз, – дейді «Жастар Рухы» жастар қанатының өңірлік филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.

Аталған науқан «Ізгілік аптасы» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz