СҚО-да эпидмаусымда тұмауды 29 адам жұқтырса, 55 мыңнан астам азаматта ЖРВИ анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2023 жылдың қазан айынан бері өңірде жұқпалы респираторлық инфекцияны жұқтырудың 55687 фактісі тіркелсе, өткен эпидемиологиялық маусымда 31442 жағдай анықталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің статистикасына сүйенсек, ағымдағы маусымда сырқаттанушылар саны 1,7 есеге өскен, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, облыста ЖРВИ-ге көбіне 14 жасқа дейінгі балалар шалдыққан. Олардың саны – 36579. Ал «H3N2» типті «А» тұмауын жұқтырғандар осы эпидмаусымда 30-ға жеткен.

– Тұмауды жұқтырғандар бойынша Петропавл алғы шепте. Облыс орталығында 11 жағдай тіркелген. Қызылжар ауданында – 9, Мағжан Жұмабаев ауданында – 4, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда – 3, Аққайыңда – 2, Тимирязевта – 1 дерек анықталды, – дейді СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Бұл ретте мамандар тұмауды жұқтыруға байланысты адамдар көп жиналатын жерлерде және қоғамдық көліктерде болу уақытын қысқартуға кеңес береді. Сондай-ақ аурудың белгілері бар азаматтармен тығыз байланыста болудан аулақ болуға шақырады.

– Тұмау вирусы ауа тамшылары арқылы ғана емес, сонымен қатар мұрынның, көздің, ауыздың шырышты қабаттарымен байланыста болған кезде тұрмыстық заттар арқылы да жұғады. Әсіресе көше мен қоғамдық көліктен кейін қолды сабындап жуу маңызды. Бөлмені үнемі желдетіп отырыңыз, бөлмедегі ауаны ылғалдандырыңыз. Құрамында С дәрумені бар тағамдарды мүмкіндігінше көп жеңіз, – деп кеңес береді Әсет Жұматаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz