Петропавлда іскер әйелдер мен өз кәсібін ашқысы келетін келіншектерге арналған бизнес тренинг өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Оқу курстарына қатысуға 50 қыз-келіншек ниет білдірді. Іскер нәзік жандыларға Алматы қаласынан келген сертификатталған бизнес-тренерлер дәріс оқуда.
Бизнесте 9 жыл бойы жүрген кәсіпкер Зарина Мавляни де қатысуда. Оның сөзінше, мұндай тренингтерде кәсіпті дамытуға қажетті кеңестер беріледі. Болашақта ол тренингте игерген білімін, өз ісінде пайдаланбақ.
– Кәсіп ашқан соң бір орында тұралап қалмау керек. Мүмкіндік болса, білімімді жетілдіріп жүрмін. Осы жолы алматылық тренерлердің келетінін естіп, курстарға жазылдым. Өз басым қазір екі қалада жұмыс істеп жатырмын. Астанада сән үйін аштым. Бұл шарада жаңа технологиялармен жұмыс істеуге машықтанып жатырмын. Болашақта мұндағы алған білімімді кәдеге жарататыныма сенімдімін, – дейді Зарина Мавляни.