Былтыр облыста ғаламтор арқылы табысқа кенелгісі келген 41 азамат интернет-алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Алаяқтар тұрғындарға 30 минут ішінде оңай олжа табуға болатынын айтып, санаулы уақыттың ішінде бірнеше адамды торларына түсіреді. Олар қитұрқы әрекеттерін «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы іске асырады.
Алаяқтар ірі компанияларға «инвестиция» салу арқылы мол пайдаға кенелуге болатынын алға тартады. Әлеуметтік желіден соң жәбірленушімен «WhatsApp» мессенджері көмегімен байланысқа шығады. Адамды ұсынылған шотқа ақша аударуға сендіріп, содан кейін олар байланыстарын үзеді. Кейде алаяқтар интернет-еңбек биржаларында «лайк қою арқылы табыс табу» ретінде табыс табуды ұсынады, әлеуметтік желілердегі белсенділік үшін төлеуге уәде береді.
– Алаяқтар валюталар мен акциялар бағамының айырмашылығы бойынша ойыннан пайда табуға уәде бере алады. Ақша табуды бастау үшін жәбірленушіге белгілі бір шотқа ақша салу керек, әдетте – 100-200 мың теңге. Алғашқы “дивидендтерді” алған сенімді адам миллиондаған несие алып, оларды алаяқтардың шотына аударады. Осыдан кейін әккілер онымен байланыс орнатуды тоқтатады. Телефон қоңырауы арқылы адамға белгілі бір “аналитикалық компания” оны өзінің клиенттік базасын кеңейту үшін таңдағанын және курс айырмашылығынан ақша табуды ұсынатындығын хабарлай отырып, осындай схемаларға тарта алады, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.