Өткен жылы облыста адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) 138 азаматта анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгіндері ЖИТС (СПИД) орталығының диспансерлік есебінде 1449 өңір тұрғыны тұр. Олардың 29-нда жұқпалы иммун тапшылығы синдромы бар екені анықталды.
– Былтыр 138 адамда АИТВ инфекциясы анықталды. Бұл дерттен қайтыс болғандар жөнінде дерек жоқ. Ауру иммун тапшылығын туғызғандықтан түрлі созылмалы ауруларды жұқтыруға кері әсерін тигізіп жатады, – дейді ЖИТС-ке қарсы күрес және алдын алу орталығының директоры Ринат Үлмесеков.