Ақпанның 25-сі күні облыстағы бес ауданда ауылдық округ әкімдері сайланады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде әкімдердің өкілеттік мерзімінің аяқталуына және өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. Саяси науқан М. Жұмабаев ауданының Авангард, Қызылжар ауданының Якорь және Рощин, Мамлют ауданының Дубровин, Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік және Чистополь, Уәлиханов ауданының Амангелді ауылдық округінде өтеді.
Әкім болуға үміткерлер өз кандидатураларын қаңтардың 30-на дейін ұсына алады.