Жүргізушіге көмектесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полицейлер жолдан шығып кеткен «ГАЗель» жүргізушісіне көмекке келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Мамлют-Қостанай» автожолының 113 шақырымында келе жатқан көліктің алдынан елік шыққан. Петропавл қаласынан құрама жүктерді тасымалдаған Қостанай облысының 26 жастағы жүргізушісі соқтығысуды болдырмауға тырысқан. Ол дереу “102” арнасына қоңырау шалады.

Оқиға орнына келген СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ДЭУ-67-ге жүгінді. Жол пайдалану учаскесінің қызметкерлері көмекке келді. Жүк көлігін қардан шығару мүмкін болмады. ППБ түнгі ауысымы автомобиль мен жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Преснов ауылдық округінің әкімі Қайрат Сансызбай жүргізушіні қонақ үйде түнетеді. Көлік кранның көмегімен шығарылған.

– Біз жүргізушілерді қысқы жолдарда жоғары қырағылық танытуға шақырамыз. Бұрылыстарда, елді мекенге жақын жерлерде жылдамдықты төмендету керек, – дейді СҚО ПД ППБ командирі Валихан Оразалин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz