Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында балалар мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа 60-тан астам жас балуан қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Балуандар арасындағы турнир осымен екінші жыл қатарынан «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының ұйымдастыруымен өткізілді. Турнирге 9 бен 15 жас аралығында балалар қатысты. Олар 35-тен 60 килограмм салмақ дәрежесіне дейін өз араларында мықтыны анықтады.
Турнир жүлдегерлері медальдармен, грамоталармен марапатталды. Ал жеңімпаздар ДШСҚ-ның атынан бағалы сыйлықтар алды.
Балалар мен жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық турнир келер жылы да өткізіледі. 2025 жылы «Динамо» ДШСҚ 100 жылдық мерейтойын атап өтетінін айта кеткен жөн.