Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында бүгін конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Аталған сында Қазақстан намысын әпкелі-сіңлілі Кристина мен Алина Шүмековалар қорғады.
Кристина 33 спортшының арасынан жарысты 7-орынмен аяқтаса, сіңілісі 11-орға табан тіреді.
1-орын — Нидерланды — Ангел Далеман — 2:02.90
2-орын Қытай — Юнги Луи — 2:03.29
3-орын — Польша — Ханна Мазур — 2:05.13
7 орын — Қазақстан — Кристина Шумекова — 2:06.47
11-орын — Алина Шумекова — 2:09.27