Биыл ұрлықшылар 32 велосипедті қолды еткен

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста 32 велосипед ұрлығы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Көбінесе қаскөйлер домофонмен жабдықталған үйлердің алдында тұрғындарды күтіп, олар өткен соң кіреді не болмаса кез келген пәтерге қоңырау шалып, өздерін коммуналдық қызметтердің өкілдері ретінде таныстырады, достарына келгенін айтады. Осылайша, кіреберісте тұрған велосипедтер, балалар арбалары мен басқа да заттар қолды болуы мүмкін. Сондай-ақ қылмыскерлерді иелерінің назарынан тыс қалған велосипедтер қызықтырады. Қос дөңгелекті көліктерді бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарда қалдырған жөн, әрі айдап әкетуге қарсы құралдарды пайдаланған дұрыс.

Оқиғалардың бірі Петропавл қаласындағы Универсальная көшесінде орын алды. Жасөспірім велосипедін аз уақытқа қараусыз қалдырған. Ал бұл мүмкіндікті ұрылар ұтымды пайдаланған. Қуанышқа орай, полицияға уақытылы хабарласудың арқасында қаскөй ұсталып, велосипед иесіне қайтарылды.

– Полиция қызметкерлері осындай қылмыстарды ашу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Мысалы, бірқатар қылмыстар бойынша 3,5 жылға сотталған бұрын істі болған 33 жастағы қала тұрғыны қазіргі уақытта жазасын өтеп жатыр. Ол қаладағы үйлердің жертөлелеріндегі, қоймалардағы құлыптарды бұзып кіріп отырған. Ол ұрлаған заттардың арасында екі велосипед те болды. Естеріңізге сала кетейік, үйлердің кіреберістері мен маңында бейнебақылау жүйесін орнату, мықты құлыптар пайдалану мүлікті қылмыстардың жасалу қаупін азайтып, тез арада ашылуын арттырады. СҚО-да барлығы 32 велосипед ұрлығы тіркелді, оның 11-і облыс аудандарында жасалды, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz