Автобус жүргізушілері тарапынан 56 заңбұзушылық анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қаңтардың 22-нен бастап облыста «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Оның аясында бір күннің ішінде полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерінің тарапынан 56 заңбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда қоғамдық көлік 26 бағыт бойынша қатынайды. Күніне белгіленген кестеге сай жолға 180-нен астам автобус шығады. Олардың жұмысы полицейлердің назарында екенін атап өткен жөн. Тәртіп сақшылары «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізушілердің қажетті құжаттарының болуын, көлік құралдарының техникалық және санитарлық жағдайын тексерді.

Полицейлер жауапкершілікке тек жүргізушілер ғана емес, лауазымды адамдар да тартылатынын ескертеді. Жақында Петропавлдағы бағыттардың бірінде өрт сөндіру құралынсыз және есіктерді апаттық ашу түймесінсіз автобустың қозғалысына рұқсат берген лауазымды азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жүргізушіге көлік құралын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырылды.

– Жүргізушілердің дені жолда маневр жасау ережелерін бұзады, осындай 16 факті тіркелді. Техникалық тексеруден өтпеген көлік құралын басқарудың 8 дерегі анықталды. Сонымен қатар, көлік жүргізу кезінде 6 жүргізуші телефонмен сөйлескен. Естеріңізге сала кетейік, бұл жол-көлік оқиғасының ықтималдығын және жолаушылар үшін қауіпті арттыратын өрескел заңбұзушылық болып саналады, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағында қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 6 жол-көлік оқиғасы орын алып, 8 адам жарақат алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz