Жыл басынан бері тыйым салынған әдебиеттерді әкелудің алғашқы фактісін облыс полицейлері шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Тексеру кезінде Қырғызстан Республикасына барған Ресей Федерациясының азаматынан кітап табылып, ол тәркіленді. Бұл Қазақстанның бүкіл аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынған кітап болатын. Шетелдікке қатысты еліміздің қолданыстағы заңнамаларының талаптары бойынша әкімшілік материал жиналды. Қызылжар аудандық сотының шешімімен ол айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды.
Полицейлер экстремизмге қарсы жұмысты тұрақты негізде жүргізіп жатыр. Өткен жылы облыста діни заңнамаға қатысты 24 бұзушылық анықталған.