Петропавлдағы жылу құбырларының бірінде апаттық жағдай орын алды. Салдарынан бірнеше көпқабатты үй жылудан ажыратылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Севказэнерго» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Петропавл жылу желілері» серіктестігінің мамандары Нұрсұлтан Назарбаев, 154 және Казахстанская правда, 118 мекенжайындағы үйлердің маңында орналасқан су құбырында ақаулар барын анықтаған. Алты маманнан құралған апаттық бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

– Жөндеу жұмыстары кезінде мына мекенжайлар бойынша жылу уақытша тоқтатылады:
Жұмабаев, 116, 107, 109, 118;
Н.Назарбаев, 117, 136, 138, 154, 156, 156A, 158,132,134,130;
Казахстанская парвда, 118;
Абай, 30, 34 , 40 , 31, 33, 35, 25 , 52, 52а, 25а, 33а;
Бостандық, 11, 13, 16 а;
Интернационал, 30 , 30 А ,32, 34;
Пионер, 3,7,9,10, 20, 34,
Совет, 53, 54а;
Пушкин, 95 а.
Жөндеу жұмыстары бүгін сағат 20:00-ге дейін жоспарланған, — делінген «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz