Петропавл қаласына тасқын су жақындап қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының шағын өзендері мен Сергеев су қоймасында ернеуінен тасып төгілген судың деңгейі түсе бастады. Дегенмен, бөгеттен төмен орналасқан гидрологиялық бекеттерде керісінше, су көтеріліп келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасы 5 сәуірден бастап тасып, 8 сәуір күні ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Бұл күні бөгеттің арнасынан асқан судың биіктігі 196 см жетті. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен тең.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, қазір су қоймасының ернеуінен төгілген судың биіктігі – 145 см.
Есіл өзенінің салаларында су қайтып жатыр, ал Сергеев су қоймасынан төмен орналасқан гидрологиялық бекеттерде керісінше су деңгейі көтеріліп келеді. Мәселен, Покровка елді мекенінің маңында бір тәулікте 139 см, Новоникольское елді мекенінің маңында 275 см көтерілді.
Тасқын су облыс орталығына да жетіп қалды. Петропавл су қоймасындағы бекітпелерді ашқаннан кейін қала маңындағы гидропостта бір тәулікте су деңгейі 136 см жоғарылады.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін СҚО-да жауын-шашынсыз. Түнде тұман болуы мүмкін. Күндіз қатты жел тұрып, оның екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі ықтимал. Түнде сынап бағанасы -5 градусқа дейін төмендесе, күндіз ауа райы +9+14 градусқа дейін жылынбақ.
Естеріңізге салайық, Солтүстік Қазақстанда соңғы рет ауқымды су тасқыны 2017 жылы болды. Ол кезде Сергеев су қоймасының арнадан асып төгілген судың деңгейі 338 см жеткен еді. Ал былтыр небары 48 см-ге ғана тасыды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz