Шал ақын ауданы Сергеевкада жаңа хоккей қорабы халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін өңірде 15 жабық хоккей қорабы ашылса, оның 3-уі өткен жылы пайдалануға тапсырылды.
– Сергеевка қаласындағы жабық хоккей қорабы заманауи талаптар бойынша салынған. Қыстың алғашқы айларынан сәуірге дейін шалақындықтар бос уақыттарын осы кортта өткізе алады. Жақын арада тағы екі хоккей корты Айыртау ауданының Саумалкөл және Жамбыл ауданының Пресновка ауылында қолданысқа беріледі. Сондай-ақ Бескөл ауылында тағы біреуінің құрылысы басталмақ, — дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов.