«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен кітап оқу марафоны басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

 «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы жанындағы жастар қанаты мен жаңадан ашылған «Алқа – Мағжан сенімі» қоғамдастығы кітап оқу марафонын қолға алды.  Оның аясында кітапсүйер қауым  белгілі қаламгер, жерлесіміз  Сафуан Шәймерденовтің «Инеш» романын оқуы қажет, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

24 қаңтар мен 24 ақпан аралығында өтетін марафонға 16-35 жастағылар өтінім бере алады. Олар роман желісі бойынша әзірленген  тест сұрақтарына жауап берулері керек.  Жүлделі І, ІІ, ІІІ орын алғандарға  ақшалай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табысталады.

— Біздің өңірімізден көркемсөз зергерлері саналған небір атақты қаламгерлер шыққан. Олардың шығармалары жастар арасында кеңінен насихатталғаны жөн. Кітап оқу марафоны арқылы жастардың әдебиетке, проза жанрына деген құштарлығын оятқымыз келеді. Жоба өз жемісін беріп жатса, оны жыл бойы өткізуді қолға алмақпыз, — дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Әлфараби Мыңбай.

«Алқа – Мағжан сенімі» қоғамдастығы өкілдері алдағы уақытта Зейнел-Ғаби Иманбаев, Ермек Қонарбаев, Бақыт Мұстафин, Жарасбай Сүлейменов, Ербол Шаймерденов сынды қаламгерлердің шығармаларына басымдық бермек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz