Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Заречный кентіне қарасты Есіл өзені жағалауын тексеріп, жағдайды айрықша бақылауға алуға тапсырма берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, өзен эрозиясы тек Есіл өзенінде ғана емес, оның салаларында да айқын байқалады. Мұның өзі су тасқыны кезеңінде алдын ала болжау жұмыстарын қиындатып, бірқатар проблемалар туындатады.
— Жауапты мемлекеттік органдарға жағалау сызығына кешенді зерттеу жүргізуді міндеттеймін. Су басу қаупі бар 87 елді мекен анықталып отыр. Қажет болған жағдайда жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізетін боламыз, – деді өңір басшысы.
Ғауез Торсанұлы өзендердің түбі мен арналарын тазалау керектігін де ескертті. Сонда өзендер ластанудан, бітелуден және сарқылудан сақталады, судың кедергісіз өтуіне әсер етеді..