ӘРБІР ЕКІНШІ ӨТІНІШ ОҢ ШЕШІЛДІ

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері азаматтардан 1452 өтініш келіп түсті. Партиялықтар 693 мәселені оң шешті, бұл өтініштердің жалпы санының 48%-ы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мәселелерді шешу үшін партия филиалдары депутаттарға, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ауыл әкімдері арасынан партияластарға жиі жүгінеді. Мысалы, Петропавлда «AMANAT» партиясынан сайланған депутат өз қаражаты есебінен мектептердің біріне есік орнатты. Бұл есіктер жел өткізбейді және мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы температураны сақтау үшін қажет. Ал Айыртау ауданында партиялықтар Имантау ауылының тұрғынына қаз сатып алу үшін «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1 млн. 380 мың теңге көлемінде грант алуға көмектесті.

Солтүстікқазақстандықтардың көпшілігін ТКШ мәселелері алаңдатады. Абаттандыру және инфрақұрылымды сақтау мәселелерімен 555 адам (38%) жүгінді. Аманаттықтар осы саладағы мәселелерді жедел шешуге тырысуда. Мысалы, Тайынша ауданында Северное ауылының тұрғындары жолды ішінара жөндеуді сұрады. Бірнеше күн бойы жергілікті ЖШС жолға қиыршық тас төседі.

Көптеген азаматтар әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша жүгінеді: жыл басынан бері 214 өтініш келіп түсті. Сондай-ақ солтүстікқазақстандықтарды кәсіпкерлік (141 өтініш), жұмысқа орналастыру және еңбек дауларын шешу (95) тақырыптары да толғандырады.

«Соңғы уақытта халықты құжаттандыру және тіркеу мәселелері жиілеп кетті – 86 өтініш түсті. Тұрғындар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй және жер учаскелерін бөлу салаларындағы өз проблемаларын шешуді сұрайды. Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша азаматтардың 5% жүгінген», – деді «AMANAT» партиясының СҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлфира Рамазанова.

Аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмесіне 8(7152)36-94-52 телефоны, WhatsApp (8-777-394-16-50), Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы хабарласуға болады. Сондай-ақ, өтініш берушілер бірыңғай Call-орталыққа 8-800-080-44-41 нөмірі бойынша қоңырау шала алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz