Енді М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін Ғалым Байтұқ басқарады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Енді М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін жұртшылыққа блогер ретінде танылған Ғалым Байтұқ басқаратын болды. Ол директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.
Ғалым Сембекұлы 1971 жылы Петропавл қаласында туған. 1993 жылы Ушинский атындағы педагогикалық институтты (қазір СҚУ) бітірген.
Еңбек жолын осында оқытушылықтан бастап, кейін университет түлектері ассоциациясының атқарушы директоры, облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, «Іскерлік даму орталығы» кәсіпорнының директоры, «Мәслихаттар депутаттары ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, төрағасы, Туризм және спорт министрлігі департамент директорының орынбасары, «Аймақтық даму» қоғамдық қорының президенті болған.
Осы тағайындауға дейін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, бірінші проректоры, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Құрмет», «Парасат» ордендердің иегері. Бірнеше рет облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттығына сайланған.