Павлодар қаласында әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионаты үшінші турының ойындары өтуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Турдың орталық кездесуінде өскемендік «Берел» клубы «Тұран» командасына жол берді. Түркістандықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Ал солтүстікқазақстандық «Қуаныш» клубы «Қарағандымен» ойнап, жерлестеріміз 3:0 есебімен қарсыластарынан басым түсті. Нәтижесінде қызылжарлық арулар турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасты.
Қазір ел біріншілігінде «Қуаныш» клубы 41 ұпаймен көш бастап келеді. «Берел» 37 ұпаймен екінші орында қалды.