Аудандық маңыздағы үш негізгі бағыт бойынша жолдар жөнделеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен жылы облыс жолдарының 700 шақырымын жөндеу жоспарланса, оның 480 шақырымы қалыпқа келтірілді. Биыл жергілікті жолдардың 600-ден шақырымнан астамы жаңартылмақшы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхметтің сөзінше, былтыр 40 елді мекеннің 38-інде жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ауылдарда шамамен 80 мың тұрғын бар. Облыс орталығындағы 47 көшенің 58 шақырымы қалыпқа келтірілді.

– Аудандық маңыздағы жолдардың 400 шақырымын жөндеп, жол сапасы бойынша көрсеткішті 72 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз. Биыл «Благовещенка – Қайранкөл», «Смирново — Тайынша», «Покровка – Мектеп» бағыттары бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, — деді Мақсат Баяхмет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz