Жас айтыскер ақындар сынға түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында ақын, драматург Ерік Асқаровтың 65 жылдығына арналған «Ұлт ертеңі — ұрпақ» атты облыстық оқушылар айтысы өтті. Сынға 7 жұп қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айтысқа қатысқан үміткерлердің барлығы марапатсыз қалмады. Бірқатарына «Amanat» партиясының Мағжан Жұмабаев, Қызылжар аудандық филиалдарының арнайы жүлделері табысталды.

Сайыс қорытындысы бойынша, үшінші орын Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатынан келген Жанбота Көкен мен  Сафуан Шәймерденов атындағы қалалық  классикалық гимназияның оқушысы  Әзиз Ақжарқынға, екінші орын қызылжарлық Нұртөте Қажымұратқа, бірінші орын Нұрғиса Қайыртайға табысталды. Ал бас жүлдені Мадина Серік иеленді.      Бейбарыс Аманжол,  Елнұр Оңдасын,  Жалғас Қаби,  Анель Канашеваларға «Amanat» партиясының арнайы жүлделері берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz