Павлодар қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионаты үшінші турының ойындары аяқталып келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жексенбі күні орталық матчта «Қуаныш» (СҚО) пен «Алматы» командалары кездесті. Солтүстікқазақстандық клуб тартысты бәсекеде 3:1 (25:22, 22:25, 27:25, 25:23) есебімен жеңіске жетіп, ұпай санын 44-ке жеткізді.
Бұдан кейінгі үш орынға 40 ұпаймен «Жетісу» (Талдықорған), «Тұран» (Түркістан), «Берел» (ШҚО) командалары жайғасты. «Алматы» 37 ұпаймен 5-сатыда қалды.