Ауыл тұрғындары үшін телемедицина пилоттық жобасы жүзеге асты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық көпсалалы ауруханада Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Франция елшісі Дидье Канесстің қатысуымен телемедицина бойынша пилоттық жоба таныстырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Француздық «C3Medical» компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында өңірде Қазақстандағы алғашқы телемедицина жобасы жүзеге асты. Облыстық ересектер мен балалар ауруханаларында және шалғайдағы аудандардың денсаулық сақтау ұйымдарында «Лимстар» атты 16 телемедициналық кешен орнатылды.

Бұл технологияның ерекшелігі – дәрігерлер қосылған медициналық құрылғылардың көмегімен науқасқа қашықтан тексеру жүргізіп, кеңес береді. Кардиология, гинекология, УЗИ, ЛОР, дерматология және офтальмология бағыттары қамтылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz