Жаңа жылдан бастап Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан ардагерлерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылды. Бұл санатқа жатқызылғандардың зейнетақыларына коммуналдық төлемдер үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде үстемеақы қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Сондай-ақ облыста тұратын Чернобыль ардагерлері «Алматы – Петропавл» бағыты бойынша қатынайтын теміржол көліктерінде тегін жүре алады.
– Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Біздің ұйымның 2 мүшесіне пәтерлердің кілттері де берілді. Жақын арада тағы 4 адам баспаналы болмақ, — дейді СҚО бойынша «Чернобыль одағы мүгедектері» ҚБ төрағасының орынбасары Ақатжан Арықов.
Естеріңізге салсақ, 1986-1990 жылдары Чернобыль атом электр стансасындағы апат салдарын жоюға өңірімізден 4 жарым мыңға жуық адам қатысты. Оның облыста 217-сі тұрады.