Павлодарда волейболдан әйелдер арасандағы Ұлттық лига біріншілігінің үшінші турында жерлестеріміз талдықорғандық «Жетісу» клубымен ойнады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Өткен жылғы чемпионатта солтүстікқазақстандық «Қуаныш» клубының азулы қарсыластарының бірі «Жетісу» командасы еді. Қос ұжымның арасындағы ойындарда бірде талдықорғандықтар жеңіске жетіп жатса, бірде жерлестеріміздің айы оңынан туып жатты. Биыл қызылжарлық арулардың қарқыны жаман емес. Павлодардағы кездесуде «Қуаныштың» бұрымдылары Талдықорғаннан келген қыздарды қапы қалдырды. Ойын 3:0 есебімен аяқталып, жеңісті теріскейліктер тойлады. Бірінші және екінші бөлімдер 25:21, соңғы шешу партия 25:11 есебімен қорытындыланды.