Шайбалы хоккейден жоғары лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалғасуда. Чемпионат аясында жергілікті «Құлагер» клубы өз мұз айдынында «Ақтөбені» қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Ойынның бірінші бөлімі басталысымен қонақтар оңай шағылар жаңғақ емес екендігін дәлелдеп, алғашқы кезеңде «Құлагер» қақпасына жауапсыз үш шайбаны дарыта алды. Кейін де ақтөбеліктер кездесу тізгінін бермеуге тырысты.
Екінші кезеңде бірде-бір команда шайба соға алмады. Тек үшінші бөлімде ақтөбеліктер тағы бір нәтижелі соққы жасап, есепті 0:4-ке дейін жеткізді. Қуанышқа орай, «Құлагер» клубы есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алып, солтүстікқазақстандық хоккейші Виталий Шульга көзге түсті. Кейін тағы бір жергілікті ұжымның ойыншысы Александр Своеволин қақпана дәл көздей алды. Қорытынды есеп — 2:4, жеңіс «Ақтөбе» клубының еншісінде.