Облыс полицейлері шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тоқтатып, жүргізушілердің көлік құралын тіркеу туралы куәліктерін тексерді,, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
2024 жылдан бастап қазақстандықтарға және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар өзге елдердің азаматтарына автокөліктерді шетелдік есепте пайдалануға тыйым салынды. Енді заңда көзделген тіркеуден өтпеген автокөлікті басқару әкімшілік заңнаманы бұзу болып табылады. Теміртұлпар иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынып, автокөліктер бұзушылық жойылғанға дейін арнайы тұраққа орналастырылмақшы.
– Бүгіндері облыста ҚР-да тіркелмеген автокөліктерді басқарған 15 дерек тіркелді. Автокөлік иелерін шетелдік есепте өз автокөлік құралдарын тіркеу бойынша дереу шаралар қабылдауды сұраймыз. Жүргізіліп жатқан жұмыстың түпкі мақсаты — жолдардағы құқық бұзушылықтардың жазасыздығына ықпал ететін жағдайларды жою, жүргізушілердің тәртібін арттыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайту, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқарма бастығының м.а. Александр Розбах.