СҚО-да көлік жүргізуге тыйым салынған 140-қа жуық адам жүргізуші куәлігін алған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жолда жүру қауіпсіздігін тексерген Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жергілікті атқарушы органдар мен облыстың полиция бөлімшелерінде жүйелі заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары «Жол қозғалысы туралы» ҚР заңының 24-бабының талаптарын бұза отырып, жол қозғалысы туралы полиция органдарының 79 ұйғарымы бойынша шара қабылдамаған. Яғни жол жамылғысын белгіленген нормативтерге сәйкес келтіруге асықпаған.

Заң талабына сай білім беру мекемесінің жанында жол белгілері мен таңбалары болуы қажет. Облыстағы күн сайын 6 мыңнан астам бала баратын 83 мектепте бұл белгілер болмаған.

Медициналық қарсы көрсетілім бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған 138 адамда жүргізуші куәліктерінің барлығы анықталды. Соның бірі — Н. деген адамға сот арқылы көлік құралын басқаруға тыйым салынды. Қалғандары бойынша қазіргі уақытта жұмыс жүргізіліп жатыр.

Полиция органдары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының талаптарын бұзып, 17 құқық бұзушыны жол қозғалысы ережелері туралы білімін тексеруге жіберу туралы қаулы шығармаған.

Қадағалау органының актілері бойынша 22 лауазымды тұлға, оның ішінде облыстық әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлері мен Айыртау ауданы әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жіберілген заң бұзушылықтарды жою және осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz