Петропавл полицейлері бір күнде қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 123 адамды жеткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Қабылдап-тарату пунктіне жеткізілген 123 адамның 20-сы бұрын сотталғандар, 15-і полицияның түрлі есептерінде тұрғандар, оның ішінде 9-ы – ұры. Барлығының саусақ іздері алынып, фото-видео тіркеуге қойылды, іздеудегі тұлғалардың тізімі бойынша тексерілді.
–Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың жиналатын орындары туралы “102” арнасына не болмаса “102” мобильдік қосымшасын пайдаланып хабарлауға болатындығын еске саламыз (ҚР ІІМ-нің ресми қосымшасы, оны App Store және Google Play жүйелерінен жүктеп алуға болады). Қалалық полиция басқармасы құрамындағы қабылдап-тарату орнының кезекші бөлімінің телефоны: 8 (7152) 52-92-99, – дейді Петропавл қалалық ПБ бастығы Марат Жұмалиев