Жапонияда конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының үшінші кезеңі өтуде. Байрақты бәсекеге солтүстікқазақстандық спортшылар қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Конькимен жүгіруден өткен сында ел намысын жерлестеріміз Мария Кузнецова, Алина мен Кристина Шумековалар қорғауда. Жекелей сында Мария Кузнецова қола медальді місе тұтты. Ол 1000 метрлік қашықтықтықты құрайтын сайысқа қатысқанын атап өткен жөн.
Қызылжарлық арулар Алина мен Кристина Шумековалар командалық спринтте бақтарын сынап, күміс медальдарды еншіледі.