Қаңтар айынан бастап облыста 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 5048 құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде белгіленген жылдамдықты арттырудың 548 фактісі, 521 – жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауының 478 фактісі анықталды. Сонымен қатар қаңтар айында мас күйінде көлік жүргізген 74 жүргізуші ұсталды.
– “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы бірінші кезекте жол қозғалысына қатысушылардың, оның ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі. Рейдтер барысында жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жалпы жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах